- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемхатшысы қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін сақтау және арттырудың маңыздылығын айтты
ҚР Мемхатшысы қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін сақтау және арттырудың маңыздылығын айтты
Кеңеске Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, Білім және ғылым, Инвестиция және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, Орталық коммуникациялар қызметінің, Назарбаев Университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты.
Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясындағы негізгі бағыттар бойынша қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін сақтау және арттырудың, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы екі комиссияның – Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның қызметі осы және басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылыми зерттеулермен 23,7 мың адам айналысады. Ғылыми ортадағы ғылым докторларының саны 1688, (9,8%), ғылым кандидаттары – 4915 (28,6%), PhD докторлары – 218 (1,2%), кәсіптік бағыттар бойынша докторлар – 605 (3,5%), ғылыми атағы жоқ ізденушілер – 9774 (56,8%) адам. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38 % болса, 45 жасқа дейінгілердің үлесі 56%.
2014 жылы Қазақстанда жұмыс жүргізу үшін әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 600-ден астам шетелдік ғалым тартылды, соның 75-і қазақстандық.
«Назарбаев Университет» ААҚ-ға АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Канададан, Франциядан, Италиядан, Нидерландтан 350-ден астам (оның 26-сы қазақстандық) шетелдік ғалымдар шақырылды.
Бүгінде шет елдердегі белгілі ғылыми орталықтарда, атап айтқанда, нанотехнология, роботты техника, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, гендік инженерия, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары сияқты келешегі зор ғылыми бағыттарда 53 қазақстандық ғалым табысты жұмыс істеуде.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдарға Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы