• Басты
  • Қазақстанда сапалы координаталық-уақытталған қызметтер ұсыну үшін жерүсті стансалар желісі өрістетілді
29 Қаңтар, 2015 17:36

Қазақстанда сапалы координаталық-уақытталған қызметтер ұсыну үшін жерүсті стансалар желісі өрістетілді

ҚР-да сапалы координаталық-уақытталған қызметтер ұсыну үшін жерүсті стансалар желісі өрістетілді, деп хабарлады Қазғарыш.
Қазақстанда сапалы координаталық-уақытталған қызметтер ұсыну үшін жерүсті стансалар желісі өрістетілді | Strategy2050.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 қаңтардағы №16/НК бұйрығымен жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің мынадай негізгі элементтері пайдалануға енгізілді:

- ҚР барлық облыстарында орнатылған  дифференциалды стансалар (60 ДС) желісі;

- дифференциалды түзету және мониторинг орталығы (ДТМО) ЖЖНЖ Орталығының ғимаратында (Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығы) орналасқан, бұл нақты уақыт масштабында желілік операциялар жағдайы туралы ақпарат алуға, деректерге, жүктеу жолдарына кіру рұқсатын бақылауға, биллинг немесе статистика жөнінде есептер жасауға мүмкіндік береді. ДТМО барлық құралдары жүйенің тәуліктік жұмыс режімін қамтамасыз етеді;

- жерсеріктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау жөніндегі зертхана ЖЖНЖ Орталығының ғимаратында (Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығы) орналасқан және жерсеріктік навигациялық аппаратураның өлшеу құралдарын тексеру және сынау функцияларын орындауға арналған;

- теңіз жергілікті дифференциалды станса  (Баутино к., Каспий теңізінің жағалауы) порт (гавань) акваториясына  кіре берісінде және маневрлар кезінде әрі жарияланған жұмыс аймағы шегінде кемелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҒНЖЖ навигациялық сигналдарына түзетуші ақпаратты қалыптастырады және радиомаяк режімінде таратады.

ЖЖНЖ жоғарыда көрсетілген функционалды элементтері кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстары, топографиялық-геодезиялық жұмыстар, құрылыс жұмыстары мен егін шаруашылығын дәл жобалау, инженерлік-қолданбалы жұмыстар және т.б. үшін координаттарды анықтау дәлдігін жоғарылату мақсатында ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелердің (GPS, ГЛОНАСС)  ақпаратын тұтынушыларға кепілді және сапалы координаттық-уақытталған және навигациялық қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

Қызметтерді тұтынушылар: ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ, ҚР ІІМ, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік және жеке ұйымдар.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды