- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында қан ауруына шалдыққан балаларға әлеуметтік көмек ретінде қосымша 6 млн теңге бөлінеді
Қызылорда облысында қан ауруына шалдыққан балаларға әлеуметтік көмек ретінде қосымша 6 млн теңге бөлінеді
28 Қаңтар, 2015 19:56
Қызылорда облысында 2015 жылы облыстық бюджеттен «Өткір лейкоз» және «Апластикалық қаназдық» ауруларына шалдыққан балаларға дәрі-дәрмек сатып алу үшін 6 млн. 151 мың теңге бөлінеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде осы аталған аурулар бойынша 18 жасқа дейінгі 34 бала диспансерлік есепте тұр. Олардың барлығы қосымша В, С гепатиті ауруына шалдыққан.
Ол балаларға қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға арналған әлеуметтік көмек жергілікті өкілетті органдар шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін бекіту және мұқтаж азаматтардың жекеленген санатының тізімін анықтау ережесіне» сәйкес ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіш (15063 теңге) көлемінде көрсетіледі.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда