• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР мен РФ Үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібін талқылады

ҚР мен РФ Үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібін талқылады

28 Қаңтар, 2015 17:06
Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

primeminister.kz хабарлағандай, әңгімелесу барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері қаралып, сондай-ақ Мәскеуде ақпан айының басында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды.

Барлық жаңалықтар