- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер таратылды
Семейде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер таратылды
Қала әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Семей қаласының Энергетик шағын ауданында тұрғын үй комиссиясы 216 пәтер иелерін тағайындады. Солардың арасында 89 пәтер жетім балаларға, 6 пәтер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 57 пәтер бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, 55 пәтер әлеуметтік әлсіз халық өкілдеріне, 9 пәтер жалпы кезектегі азаматтарға берілмек. Семей қаласының Әділет басқармасынан тіркеуден өткен пәтерлердің келісімшарты құрылды.
Сонымен қатар, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісінің екінші бағыты («Барлық санаттағы азаматтар үшін») бойынша 56 пәтер тағайындалды. Соның ішінде 37 пәтер ипотекалық несиемен рәсімделсе, 3 пәтер сатылған, 16-сы жалға берілетін пәтерлер.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Жас отбасы» бағыты бойынша 95 үміткерді іріктеу шаралары өтті. Қазіргі таңда аталған шағын ауданның үйінен 72 отбасымен пәтер келісімшарты жасалды.
Әкімдіктің хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін есепте тұрғандар саны 6 231 отбасы болса, соның ішінде 2 282-сі әлеуметтік әлсіз халық санатына, 1 117-сі жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға, 2 542-сі бюджеттік қызметкерлерге тиесілі.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр