- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы АШҚҚҚ қызметін 200-ге жуық клиент пайдаланды
2014 жылы АШҚҚҚ қызметін 200-ге жуық клиент пайдаланды
ҚазАгро хабарлағандай, Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша "Агробизнес - 2020" бағдарламасының аясында елімізде АӨК субъектілерін қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі Қаулысымен Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы үстемелерін субсидиялау Ережелері бекітілген болатын. Қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қолдау шаралары түрлі себептермен өз несиелері бойынша қарызын өте алмайтын ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталды.
Қаржылық сауықтыру бойынша операторының міндетін "ҚазАгро" Холдингінің еншілес компаниясы - "Қазагромаркетинг" АҚ атқарады. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы үстемелерін субсидиялау теңгемен - жылдық 7%, шетелдік валютамен - 5% төмендетіледі. Осымен, қаржылық сауықтыру процедурасынан өткен қарыз алушы сыйақы үстемесінің тек қалған бөлігін ғана төлейді.
Сондай-ақ, қаржылық сауықтырудың шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен өсімақы (пеня) алынып тастайды.
Өткен жылы қаржылық сауықтыру бойынша операторы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ клиенттерінің жалпы сомасы 317,1 млн. теңгеге 105 келісім-шартын мақұлдады. Субсидиялау сомасы 44,9 млн. теңге құрады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Абай жылының айшықты тұстары -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ