- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысына қаржылық тәртіпті нығайту маңызды
Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысына қаржылық тәртіпті нығайту маңызды
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, есеп комитетінің төрағасы Елбасыға ведомствоның 2014 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары, қаражатты жоспарлау және пайдалану кезінде үнемі анықталып жүрген проблемалар мен кемшіліктер туралы айтылды.
Есеп комитеті былтыр 298 нысанда 3,1 триллион теңге мөлшеріндегі қаражатты қамтитын 25 бақылау іс-шарасын жүргізді. Анықталған заңбұзушылықтың жалпы көлемі 716 миллиард теңгені құрады, республикалық бюджетке 75 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Тексерулер мен бақылау-талдау шараларының нәтижесі бойынша Үкіметке, мемлекеттік органдарға және квази-мемлекеттік сектор субьектілеріне 312 ұсыным мен тапсырма жолданды.
Сонымен қатар, Есеп комитетінің төрағасы облыстардың, Астана және Алматы қалалары ревизиялық комиссияларының 2014 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражатының тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуына бақылауды күшейтудің, сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысына қаржылық тәртіпті нығайтудың маңыздылығын атап айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген