- Басты
- Жаңалықтар
- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ҚР-да 2014 жылы 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ҚР-да 2014 жылы 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды
Бүгінгі таңда аталған бағдарлама Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарында белсенді түрде жүзеге асуда.
Өткен жылы несие серіктестіктерінің қатысушыларына 2 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп, оған 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды.
Корпорация «Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері 27,8 млрд. теңгеден аса қаржыға 1972 жобаны қаржыландырып, оған 147 мыңнан аса ірі қара мал сатып алуға қол жеткізілді.
Айта кетейік, «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру 2011 жылғы ақпан айында ірі қара мал етінің экпорттық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жоба аясында қолға алынды. Бұл бағдарлама бойынша қаржы аналық бас ІҚМ және етті тұқымды жас төлу алу үшін асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға, негізгі құралдарды жөндеу мен сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты, етті тұқымды мал басын асылдандыру арқылы ет бағасын төмендету, ет өндіру саласын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың жеке меншігіндегі ірі қара малды сатып алу арқылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарды ірілендіру. Бұл бағыттағы ең маңызды мәселенің бірі ол – өз тұқымына генетикалық әлеуетін қалдыратын өнімділігі жоғары асыл тұқымды бұқаларды пайдалану.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері