• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында ҮИИДМБ бойынша өңдеу саласында 17,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асты

Ақмола облысында ҮИИДМБ бойынша өңдеу саласында 17,1 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асты

28 Қаңтар, 2015 09:53
Ақмола облысында 2014 жылы өндірістік өнім көлемі 295,2 млрд теңгені құрады, өнімнің өсу көлемі 105,6 пайызды құрады, деп хабарлады облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Бауыржан Малғаждаров 2014 жыл бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық кеңесінің қорытындысында.

Ол атап өткендей, ҮИИДМБ аясында 2010-2014 жылдары Ақмола облысында 119,6 млрд теңгенің 49 жобасы жүзеге асырылды, жобалар 5,2 мың тұрақты жұмыс орнын ұсынды.

«Жүзеге асырылған кәсіпорындардың 35-і дайын өнім өндірісін қамтамасыз етеді. Өткен жылы индустрияландыру картасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласында 17,1 млрд теңгенің 10 өңдеу жобасы жүзеге асырылды, Оның ішінде құрылыс материалдары – 6 жоба, тамақ өнеркәсібі – 2, химия өнеркәсібі және жиһаз өндіру бойынша – 1 жоба бар», - деді Б.Малғаждаров.

 

Барлық жаңалықтар