- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында ҰОС ардагеріне төс белгісі табысталды (Фото)
Қарағанды облысында ҰОС ардагеріне төс белгісі табысталды (Фото)
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Төрағасы генерал-майор В.В.Петров Ұлы Отан соғысы және өртке қарсы қызмет ардагері, мерейгер С.К. Күсеновті 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісін табыстады.
Комитет хабарлағандай, осы жылдың 20-шы қаңтарында С.К.Күсенов өзінің 100 жас мерейтойын атап өткен болатын. Сабырғали Күсенұлы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ол жерден 1939 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. 1941 жылдың шілде айында өзінің ең алғашқы ұрысына неміс-фашистік басқыншылармен 518 зенитті полкінің құрамында қатысты. Соғыс кезінде Сабырғали Күсенұлы Могилев қаласын қорғады, Батыс фронтта ұрысқан, Смоленск, Брянск, Калинин, Витебск облыстарындағы елді мекендерді босатуға бағытталған ұрыстарға қатысқан, Мәскеуді қорғаған. Соғысты Прибалтикадағы Курлянд түбегінде аяқтаған.
Соғыстан кейінгі Сабырғали Күсеновтың әскери өмірбаяны Батыс Қазақстан облысы Орда ауданындағы өрт сөндіру күзетінде жалғасын тапқан. 1952 жылы қызметін әрі қарай жалғастыру үшін Қарағанды қаласына жіберілді. Сабырғали Күсенұлының еңбек өмірбаянының 40 жылдан артығы өрт сөндіру күзетіндегі қызметіне арналған, аянбай еткен еңбегінің арқасында жүздеген өрттің және өзге де төтенше жағдайлардың алды алынды, көптеген адам өмірлері құтқарылып, материалды құндылықты заттар сақталып қалынды. Сабырғали Күсенұлы зейнет демалысына өрт сөндіру штаб бастығының орынбасары қызметінде шықты.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады