- Басты
- Жаңалықтар
- Бейжіңде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми кеңес өтті (ФОТО)
Бейжіңде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми кеңес өтті (ФОТО)
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, 2015 жылы Қазақстан мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетінін тілге тиек етті. Ол баса атап өткендей, бұл шараның тарихы тереңде және екі ел Жібек жол арқылы мыңдаған жыл бұрын өзара байланысын орнатып, одан ары нығайтып келеді.
«Қытайлық ғалымдар қазақ мемлекеттілігінің негізі туралы тарихи деректерге үлкен қызығушылық танытты. ҚХР ғалымдары ХТА ғылыми қызметкері, профессор Бақыт Еженханұлының қазақ хандығының тарихын зерттеуге арналған баяндамасын үлкен ықыласпен тыңдап, оған оларды қызықтырған мәселе бойынша сұрақтар қойды. Бандамашы Қазақ хандығының тарихы туралы жаңа ғылыми негіздемелер ұсынды», - делінген академия баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Бүгін қазақ тарихшыларының институтымызға келіп, баяндама жасап, пікір алмасуы біздің қазақ тарихы, жалпы қазақ еліне деген түсінігімізді тереңдете. Мұндай шаралар біздің стратегиялық маңызды көршіміз - Қазақстанмен гуманитарлық-мәдени байланысты тереңдетуге оң әсерін тигізеді», - деді Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясына (CASS) қарасты Этнология және антропология институтының директоры Ван Яньчжун.
Белгілі тарихшы, професор Бай Цуй Циң соңғы жылдары Қазақстан тарихшыларының Цин мұрағатындағы Қазақ тарихына қатысты құжаттарды жинастыру, зерттеу жұмыстарын жоғары бағалады. Оның сөзінше, 1950-ші жылдан бері қазақ халқы мен тарихы, мәдениетіне қатысты қытай тілінде 2600-ден астам ғылыми мақалалар мен ондаған кітаптар жарық көрген. Бертінде бұл салада докторлық және магистрлік зерттеу жұмыстарының саны артқан. Олардың арасында жергілікті жас қазақ ғалымдарының да қарасы молайып келеді. «Тақырыптарды қайталамау, дереккөздерді тиянақты жинақтау мен терең талдау мәселесінде қазақстандық әріптестерімізден үйренеріміз көп. Сол себепті сіздермен ынтымақтастықты арттыруымыз керек», - деді ол.
Ғылыми басқосу соңында Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты бірнеше институт Халықарлық Түркі академиясымен бірлесіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын білдірді. Бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ортақ шаралар атқару және ғылыми жинақтар шығару туралы сөз болды.
Айта кету керек, Бейжің сапары аясында Халықаралық Түркі академиясының ғалымдары Қытайдың бірінші тарихи музейінен Қазақ хандығына қатысты бұрын жарық көрмеген құнды құжаттар тапқанын айта кету керек. Қазақ хан-сұлтандарының Цин патшалығына жолдаған шағатай және қалмақ тілдеріндегі хаттары, Қазақ хандығы мен Цин мемлекеті дипломатиясына байланысты мәнжу тіліндегі маңызды жазбалар табылып, көшірмелері алынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді