- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада мәдениет және балет өнерінің қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды
Ақордада мәдениет және балет өнерінің қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды
27 Қаңтар, 2015 17:25
Елбасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын және танымал педагог-хореограф, Ресей Федерациясының Халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында отандық мәдениет және балет өнерінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет саласының елеулі рөлін, оны дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды да қоса қамтитын, қажетті жағдайларды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ ел ішінде де, сыртта да мойындалып үлгерген қазақстандық мәдениеттің әлеуеті зор екеніне назар аударды.
А.Асылмұратова өзін қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарлары жөнінде және болашақта «Астана Балет» театрымен ынтымақтасуға дайын екендігін айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері