- Басты
- Жаңалықтар
- Астана спортшылары елорда жылнамасын жарқын жеңістерімен толықтырды - Жақсыбеков
Астана спортшылары елорда жылнамасын жарқын жеңістерімен толықтырды - Жақсыбеков
Елорда әкімі қаланың атын әлемге асқақтатып жүрген спортшыларға барша Астана тұрғындары атынан алғыс білдірді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Әділбек Жақсыбеков, елордадағы спорттың бастауында Мемлекет басшының өзі тұрғандығын айта келе, спорттың барлық түрлері бойынша әлемдік талаптарға сай келетін заманауи нысандарды салу ісіне ерекше мән берілгендігін жеткізді.
2011 жылғы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстардың Астанада өткізілгені осыған дәлел. Астана әкімі параолимпиадашыларға айрықша алғысын білдірді. «12 Азия параойындарында медалдар бойынша абсолютті рекорд орнатқан елордалық параолимпиадашыларға және оларды дайындаған адамдарға ризашылық білдіргім келеді. Көп жағдайда бапкерлердің еңбегі еленбейді. Бұл ретте Владимир Загородний, Берік Мыржықпаев, Әлия Түсіпбекова секілді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларын атап өткім келеді. Сіздерге Астана жылнамасын жарқын беттермен толықтырғандарыңызға және өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын, - деді Әділбек Жақсыбеков.
«Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында Астанада Ұлттық теннис орталығының құрылысы басталғаны белгілі. Ол кезде мен әлі спорттан қол үзбеген едім. Теннис корттары мен турнирлер аз болатын. Сол кездері жүлде қоры қомақты халықаралық турнир – Елорда кубогі қолға алынды. Қазақстан теннисшілері үшін ол халықаралық жарыстарда шыңдалудың бірден бір жолы еді», - Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев.
Әділбек Жақсыбеков спортшыларға алғыс хаттарын тапсырды. «Елорда спортшыларының өткен жылғы жеткен жарқын жеңістерінің бірі – «Астана» футбол клубының Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жеңісі. Осы орайда әкім клуб капитаны Танат Нөсербаевқа арнайы сыйлық табыстап, барша спортшыларға жаңа жеңістер тіледі», - делінген хабарламада.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан