- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР вице-министрі Әсет Исекешев Ақтөбе облысының өнеркәсіптік құрылыс нысандарына барды
ҚР вице-министрі Әсет Исекешев Ақтөбе облысының өнеркәсіптік құрылыс нысандарына барды
Олардың бірі – «ҚазХром» ТҰК» АҚ-ының жаңа ферроқорытпа зауыты, осы зауыт ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Қуаттылығы – жылына 440 мың тонна феррохром. Жобаның құны – 111 млрд. теңге. Тұрақты 500 жұмыс орны жасалмақ.
Жоба әлемде аналогы жоқ, жоғары көміртекті феррохромды өндірудің инновациялық технологияларының енгізілуін, сондай-ақ электр жабдықтаудың, автоматтандырудың су жаңа жүйелерін және тұрақты токтағы пештерді пайдалануды көздейді. Зауыт іске қосылғаннан кейін өнімнің өзіндік құны төмендейді және жоғары көміртекті феррохромды экспорттау көлемі арттырылады. Инновациялар арқасында еңбек өнімділігі 3-4 есе ұлғайтылмақ.
Екінші салынып жатқан жоба – жылына 430 мың тонна өнім шығара алатын рельсті арқалық зауыт. Олардың ішінде 200 мың тонна – теміржол рельстары, 230 мың тонна – сұрыптық өнім (швеллер, арқалар, бұрыштар, арнаулы профиль).
Зауыт іске қосылғаннан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының, оның ішінде салынып жатқан Шалқар – Бейнеу темір жолдарының рельс өніміндегі қажеттіліктер, сондай-ақ Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және т.б. темір жол компанияларының қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Сұрыптық өнімін Қазақстан және шекаралас мемлекеттердің нарықтарына жеткізу жоспарланады.
Жобаның жалпы құны – 55 млрд. теңге. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін келесі жылы 400-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
Қазіргі кезде «БЖК-2020» бағдарламасы аясында жобаның негізгі құрылысымен бірге инженерлік инфрақұрылымның құрылысы да жүргізілуде: газ құбыры (483,5 млн.тг.), су құбыры (659,9 млн.тг.) және кәріз жүйесі (93,2 млн.тг.).
ГТЭС-40 МВт құрылысы жоспарланған, ол жеке қажеттіліктерді (16 МВт) және Индустриялық аймақтың нысандарын қамтамасыз етеді.
Болашақта «Ақтөбе рельсті-арқалық зауыты» ЖШС-і рельс және болаттың басқа да маркаларының барлық талаптарына сай келетін, қуаттылығы жылына 560 мың тонна жоғары сападағы сұйық болатты (блюм) шығаратын электр болат қорытпа зауытының құрылысы жоспарланады.
Зауыттың электр энергиясындағы мұқтаждығын жабу үшін қуаттылығы 150 МВт-қа дейін электр станциясы салынады.
Объектілерді аралағаннан кейін вице-премьер Ә. Исекешев басқарған жұмыс тобы Қостанай облысына аттанды. Мақсаты – Индустрияландыру картасының объектілерін тексеру.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі