• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық бағдарламалар орталығы мен ҚСЗИ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен ҚСЗИ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

27 Қаңтар, 2015 18:09
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (ХБО) Ынтымақтастық жөніндегі меморандумын жасасты.

Құжат ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты арттырып, одан әрі кеңейтуге, қазақстандық сарапшылардың әлемнің белді ғылыми орталықтарында кәсіби біліктілігін шыңдау үшін «Болашақ» бағдарламасына қатысуын белсендіруге бағытталған.

«ҚСЗИ мен ХБО ақпарат алмасу үшін жұмыс кездесулерін, бірлескен ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікір алмасу алаңдарын, өзара консультациялар өткізуді, бірлескен жарияланымдар дайындауды, халықаралық ғылыми бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруда екіжақты қолдау көрсетуді, бірлескен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Меморандум жасасу салтанаты шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері компанияның қызметі және ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының негізгі бағыттары туралы таныстырылымды ұйымдастырды.

Барлық жаңалықтар