- Басты
- Жаңалықтар
- Экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеу қажет - Н.Назарбаев
Экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеу қажет - Н.Назарбаев

Қазақстан Президенті партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ауқымды «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданғанын, ол әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталғанын атап өтті.
«Бұл бағдарлама партияның қолдауы аясында жүзеге асырылатын болады, өйткені оның беделі бар, бүкіл еліміз бойынша көптеген адамдар партия сапында тұр. «Нұрлы жолды» қабылдау – елдің болашақ дамуы мен халықтың игілігі үшін зор мәні бар маңызды шара. Осыған байланысты партия бастауыш ұйымдарға сүйене отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарына ден қоюы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымды сапалы дамыту, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан ілкімді қолдау көрсету «Нұрлы жол» бағдарламасының міндеттеріне кіретінін айтты.
«Кәсіпкерлер несиемен қамтамасыз етілуде, бизнес ашуға жағдай жасалып, тексерулер саны азаюда. Барлық кедергілер жойылуда. Жалпы, кәсіпкерлік Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол» бағдарламалары, жол және баспана құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртулар арқылы ұсынылатын мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс. Егер партия Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен осы бағытта тығыз ықпалдасатын болса, қажетті нәтижелерге қол жетеді. Экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеу қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Төрағаның бірінші орынбасары партияның сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттемелерінің іс жүзінде 70 пайызға жуығы орындалғанына тоқталды. Ол Мемлекет басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасының бекітілгенін де айтты.
Б.Байбек сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру ісіне партияның қатысуы туралы баяндады.
« Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Мәжілістегі және мәслихаттардағы партия фракцияларында «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуы мен Ұлттық қор қаржысының пайдаланылуын қадағалайтын 4 комиссия құрылды», – деп хабарлады партия төрағасының бірінші орынбасары.
Б.Байбек Президентке партия мүшелері бағдарламаны табысты орындау үшін бар күш-жігерлерін жұмылдыратынын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру

