- Басты
- Жаңалықтар
- З.Самашев: Сарайшық қалашығының тарихи-мәдени ескерткіштері жақын арада қалпына келтіруді қажет етеді
З.Самашев: Сарайшық қалашығының тарихи-мәдени ескерткіштері жақын арада қалпына келтіруді қажет етеді
27 Қаңтар, 2015 13:12
Қазақстанда Алтын Орда кезеңінде пайда болған Сарайшық қалашығының сақталуына жедел түрде билік араласуы керек. Бұл туралы тарихи ғылымдардың докторы, профессор Зейнолла Самашев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
«Алтын Орда кезеңінде пайда болған Сарайшық қалашағы жедел араласу шараларын қажет етіп тұр. Бұл Қазақ хандығының тарихымен етене аралас орын. Бұл мәселенің шешілуіне жергілікті билік араласуы керек. Бұл мәселе бірде көтеріліп, бірде қозғалмай отыр, оны шешіп соңына дейін жеткізу қажет», - деді З.Самашев.
Айта кетерлігі, Сарайшық – Алтын Орданың сауда орталықтарының бірі, кейіннен Ноғай Ордасының астанасы атанады. Қала Еділ мен Хорезм арқылы Еуропадан Қытайға бағытталатын Атырау қаласынан 50 км орналасқан болатын.
Қазіргі таңда қалашықтың қасында Атырау облысының Махамбет ауданы орналасқан. Орал өзенінің шаюы салдарынан тарихи орын жоғалуда. 1999 жылы бұл орында «Сарайшық – Хан тағы» мемориалды кешені тұрғызылды.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Шомылу маусымында нені ескеру қажет -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ