Мәжілісте бағалы металдар туралы заң жобасы таныстырылды

27 Қаңтар, 2015 14:29
Бүгін Мәжілісте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасын таныстырды.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш заң жобасының қабылдануы бағалы металдар мен асыл тастар  саласында қоғамдық қатынасты реттеудің  бірыңғай негізгі заңнмасын құру болып есептеледі.

«Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық кеңестің стандарты мен Қазақстанда асыл бұйымдар өндірісінің дамуына жағдай жасау үшін ұлттық заңнаманың үлесімділігі қарастырылуда», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар