Азаматтық әуе Комитеті 100 пайыз білікті мамандармен қамтылған

2 Қазан, 2013 12:13
Бос жұмыс орны конкурсын өткізу барысында ҚР Азаматтық әуе Комитеті 100 пайыз білікті мамандармен қамтылды, деп ККМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызметке тәжірибесі  мол ұшқыштар алынды. Олардың барлығы еуропалық тәжірибеден өткен  мамандар.

Осындай мақсатта, әуетранспортында 40 маман өз жұмысын жүзеге асыратын болады. Олардың құзырына әуекомпаниясын тексеру, әуежай жағдайын бағдарлау мен оқыту орталықтарының қызметін қадағалау кіреді.

Айта кетейік, бас сарапшы болып ұшу басқармасының эксплуатациясына Тоты Әмірова тағайындалды. Ол ТМД еліндегі тұңғыш Вoeing -737, Аirbus -320 әйел командирі, 13 жылдық тәжірибесі бар қызметтегі ұшқыш.

Қабылданған мамандардың ішінен Игорь Петяшин,    Сергей Ветрещак, Ғазиз Шілікбаев сынды тәжірибелері мол шеберлер бар. Олар аталмыш салада 25-30 жыл қызмет етіп келеді.

 

Барлық жаңалықтар