- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның стратегиялық басымдылығы кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі - Назарбаев
Қазақстанның стратегиялық басымдылығы кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі - Назарбаев
«Бiздiң елiмiзде 1 млн 200 мыңнан астам кәсiпорын мен жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес секторында 3 млн-ға жуық адам еңбектенуде. Республиканың әлеуметтiк жағдайы олардың жұмысына тәуелдi. Отандық нарықтық экономиканың негiзiн құрайтын кәсiпкерлiктi дамыту Қазақстанның стратегиялық басымдығы болып табылады. Ел эконмикасындағы шағын және орта бизнес үлесi 2050 жылы 50%-ға жетуi тиiс», - делінген құттықтау сөзінде.
«Алға қойған бұл мiндетке қол жеткiзу бизнес орта мен мемлекет күшiн бiрiктiрген кезде ғана мүмкiн болады. Соңғы жылдары отандық кәсiпкерлiкке қолдау көрсету мен инвестиция тартуға қолайлы шарттарды жасау мақсатында көптеген шаралар қолға алынды», - деп атап өтті Елбасы.
Сонымен қатар, Президент соңғы жылдары Қазақстанда отандық кәсiпкерлiкке қолдау көрсету мен инвестиция тартуға қолайлы шарттар жасалып жатқандығын баса айтты. «Ендiгi кезекте алда тұрған мақсат - жеке кәсiпкерлiк бастамаларды толыққанды ашу. Олардың нарықтық шарттардағы маңызы ерекше ».
«Бұл ретте Ұлттық кәсiпкерлер палатасы маңызды рөл атқаруы тиiс. Ол өткен жылдың iшiнде тұрақты тәуелсiз институт ретiде өзiн көрсетiп, бизнес қауымдастық мүддесiн қарастыруда. Бүгiнгi күнi әлемдiк экономикада iшкi нарыққа әсер ететiн күрделi мәселелерге тап болып отырмыз. Бұл, бiр жағынан, жаңа мүмкiндiктер деп беріп отыр», - делінген Қазақстан Президентінің сөзінде.
«Кәсiпкерлер палатасы елдегi кәсiпкерлiктi одан әрі дамытуға бағытталған тиiмдi шараларды жасау үдерiсiне белсендi түрде қатысуда. Бұл өзара әрекеттестiк әлеуетi кез келген қиыншылықтарды бастан өткеруге болады деп үмiттендiредi. Съезд Қазақстандағы кәсіпкерлікті одан ары дамыту және жетілдіру бойынша дұрыс бағыттар мен шешімдер қабылдауға септігін тигізетініне сенімдімін», - деп түйді Президенттің сөзін оқыған Б.Сағынтаев.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту