- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда 2014 жылы 360 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді
Атырауда 2014 жылы 360 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді
Қала бойынша жалпы ауданы 360,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,9%, оның ішінде жеке құрылыс есебінен салынғаны 285,9 мың шаршы метрді құрайды (ЖТҚ - 259,5 мың шаршы метр), мемлекеттік меншік есебінен 74,7 мың шаршы метр, деп хабарлады әкімдік.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттің трансферттері есебінен Нұрсая мөлтекауданында кезекте тұрған азаматтар үшін жалпы көлемі 15,9 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй құрылысы және Сатыбалдиев көшесі мен Нұрсая мөлтекауданында жалпы көлемі 22,7 мың шаршы метрді құрайтын 7 несиелік тұрғын үй құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жалпы көлемі 17,9 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй салынды.
Кезекте тұрған отбасыларға жалпы 636 пәтер бөлінді: 11 пәтер - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 119 - жетім балаларға, 137 - әлеуметтік қорғауды қажет ететін осал топтарына жататын отбасыларға, 310 - мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерiне; 15 - жалғыз үйі апатты деп танылған отбасылар үшін, сонымен қатар Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Нұрсая шағынауданындағы тұрғын үйлерден кезекте тұрған 44 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа пәтерлер берілді.
2014 жылдың басынан «Колжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде жас отбасылар үшін 234 пәтер бөлінген.
Республика көлемінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалардың бірі «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша өткен жылы 20 көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды