- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 93 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған - әкімдік
СҚО-да 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 93 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған - әкімдік
«Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысқа жекелеген инвестиция тартуды жоғарғы деңгейде жүргізуді тапсырған болатын. Біздің міндетіміз - алдағы 3 жылда СҚО-да балабақша мәселесін толықтай шешу», -деп ескертті облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы «АБВГДейка» балалар шағын орталығының жаңа филиалымен болған кездесуде.
Балабақша директоры Ольга Жаркова бұл орталық мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын дамыту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында ашылып отырғанын жеткізді. Жаңа балабақшаның ашылуы «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының көмегімен жүзеге асқан екен.
«Мұндай мемлекеттік қорлардан көмек болмағанда, мен бұл кәсіпкерлікке қол жеткізбес едім. Себебі жаңадан тәй-тәй басқан кәсіпкер үшін өз ісін бастау көптеген қаржыны талап етеді. «Даму» қоры бізді дамудың әр қадамында сүйемелдеп қана қойған жоқ, сонымен қатар алдымыздан шыққан кедергілерде көмек көрсетіп, шешу жолдарында қарастырды», - деп хабарлайды балабақша директоры.
Аймақ әкімдігінің ақпараты бойынша, «АБВГДейка» - ның жаңа филиалы 75 балаға арналған. Онда балалардың тәрбиесі мен оқуына жауап беретін жоғарғы санатты 5 педагог және қазақ, ағылшын тілінде мұғалім жұмыс істейді.
Жетекшілердің жоспары бойынша, келесі жылы балалар мекемесінің ғимараты кеңейтіліп, музыкалық зал мен театр студиясы жабдықталмақ.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
IV тоқсандағы оқу форматы мен мектепке қабылдау тәртібі -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
Мектепке жұмысқа тұру үшін ақша төлеуді талап ететін аудандар бар - Р. Гасанов -
Мектепке барып оқу қашан басталады -
5 жасқа толмаған балаларға маска кию міндетті емес -
Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді -
Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді