- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,6 мың жұмыскердің құқығын қорғады - ДСӘДМ
2014 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 12,6 мың жұмыскердің құқығын қорғады - ДСӘДМ
27 Қаңтар, 2015 09:34
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2014 жылы атқарған іс-шаралар нәтижесінде 12,6 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 1,5 млрд. теңге төленді.
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 216 кәсіпорнында 13,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 1,6 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 154 ұйғарым беріліп, 13 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
«Атқарылған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша қатаң кестелер және қарызды өтеу мерзімін нақты белгілеу нәтижесінде 12,6 мың жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,5 млрд. теңге төленді», - делінген хабарламада.
Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7232 тексеріс жүргізіп, 21 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, 287,4 млн. теңге сомаға айыппұл салды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады