- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов: Қазақстан халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге зор көңіл бөледі
Е.Ыдырысов: Қазақстан халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге зор көңіл бөледі
Әңгіме барысында Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығының құқықтары жөнінде Арнайы баяндаушыға ұсынылған Шолу құжаты туралы сөз қозғалды. Құжатта Қазақстанның аталған саладағы ағымды жағдайы баяндалған.
2015 жылы адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Бюро Кеңесінің құрамына Қазақстанның төраға орынбасары ретінде сайлануын атап өтіп, Е. Ыдырысов Қазақстан барлық халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушы институттармен әрі қарай тиімді ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.
Қазақстан көптеген құқық қорғау келісімдерін ратификациялады. Аталған құжаттарды іске асыру бойынша, ұлттық заңнама мен құқықтық қолдану тәжірибесін ратификацияланған құжаттармен сәйкестендіру жұмыстары дағдылы атқарылып келеді.
«Арнайы баяндаушының бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығы құқық мәселелері мандатына қатысты Қазақстан Үкіметі спорттық-бұқаралық, мәдени-көріністік және өзге бұқаралық шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жасау шешім қабылдағаны айтылды. Құқық қорғау конвенциялары ережелерін жүзеге асыру туралы есептер белгіленген мерзімімен Женеваға жіберіліп тұрады. Осылайша, Қазақстан өткен жылы үш конвенция (нәсілдік кемсітушілік, әйелдер, азаптау) және Мерзімді әмбебап шолу бойынша БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде төрт есебін сәтті қорғады», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстанда адам өлшеуіші бойынша нормативті-құқықтық база мен тәжірибелік шараларды одан әрі кемелдендіру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. 2010-2020 жылдарға Құқықтық саясат концепциясы жасалынып, жүзеге асырылуда. Жақын арада 2020 жылға дейінгі адам құқықтары саласында жаңа Ұлттық іс-қимылдар жоспарының жобасы жасалынады деп күтілуде.
ҚР Мемлекеттік органдары халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық қоғаммен ынтымақтасуға ерекше көңіл бөледі. Пікірлердің толыққанды мониторингін қамтамасыз ету мен құқық қорғау саласында тиісті шешімдер қабылдауға ықпал жасау мақсатында ҚР СІМ жанында «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» деген атпен Консультативті-кеңес органы жұмыс істейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру