- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан спортындағы клубтық жүйені жаңарту керек – Шишигина (ФОТО)
Қазақстан спортындағы клубтық жүйені жаңарту керек – Шишигина (ФОТО)
«Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға осы секілді кездесулердің берері мол. Мысалға, бүгін Қазақстан спортындағы клубтық жүйені жаңарту мәселесі көтеріліп отыр. Осы орайда әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы да сөз болмақ. Осылайша Ұлттық құрамаға ену жолында бәсеке қалыптаспақ», - дейді депутат.
О.Шишигинаның айтуынша, қазіргі оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтары жоғары.
«Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай біз жаппай спортпен айналысу көрсеткішін 17 пайызға жеткізу керектігімізді айтты. Қазіргі таңда тиісті ведомстволармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Спорттық мерекелер мен жарыстар кеңінен етек алды. Бұл халықтың жаппай спортқа ден қоюына бір қадам», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ольга Шишигина 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиадада жеңіл атлетикадан чемпион атанған.
2013 жылдың 22 қаңтарындағы Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі Ольга Шишигина Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді.
Отан алдындағы ерен еңбегінің арқасында «Барыс», «Дарын» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді