• Басты
  • Қызылордада «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 4,2 млрд теңгенің 9 тұрғын үйі салынады
26 Қаңтар, 2015 18:34

Қызылордада «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 4,2 млрд теңгенің 9 тұрғын үйі салынады

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов Шұғыла мөлтек ауданында салынып жатқан 35 пәтерлік алты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.

Қызылордада «Қолжетімді баспана»  бағдарламасы бойынша 4,2 млрд теңгенің 9 тұрғын үйі салынады | Strategy2050.kz

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,  бұл тұрғын үйдің  құрылысы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қаржыландыруымен қараша айында басталған болатын.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын баспананың әр шаршы метрі 131 537,4 теңге шамасында болады.

Қордың басшылығы құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды мерзімінен бұрын тапсырамыз дейді.

«Бұл бағдарламаның артықшылықтары көп. Баспана кезегінде тұрғандардың жалақылары талапқа сай келсе болғаны. Қызылордада 1 шаршы метріне айына 1200 теңге төлейді. Бір үй 30 шаршы метр болатын болса, айына 30 мың теңгеден астам қаржы төлейтін болады», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Б.Палымбетов.

Бүгінгі күні аталмыш қор Қызылордадан басқа Астана, Алматы мен Қарағанды, Шымкент, Ақтау және Өскемен қалаларында тұрғын үй құрылысының жобаларын іске асыруда. Осы бағдарлама аясында 2016 жылдың аяғына дейін елімізде қосымша 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады.

Жергілікті басшылық тұрғын үйге мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан ипотекалық компаниясы” "Самұрық-Қазына” жылжымайтын мүлік қоры” акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ. Мәселен, Сәулет мөлтек ауданынан тағы жалпы ауданы 3,3 гектар жер телімі бөлініп,  «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 9 бесқабатты  тұрғын үй бой көтереді. Басқарма төрағасы жер телімінің орнын барып көрді.

 Қала әкімі Н.Нәлібаев жаңа тұрғын үйдің құрылыстары көктемде басталатынын айтты.  Жақын арада құрылысы басталатын тұрғын үйдің жобалық құны 4,2 млрд. теңге. Бұл 490 отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, өткен жылы 900-ге жуық отбасы баспаналы болды. Биыл тұрғызылатын тұрғын үй өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды