- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында 2014 жылы «ЖҚЖК – 2020» бағдарламасы 1350 адамды қамтыды
Атырау облысында 2014 жылы «ЖҚЖК – 2020» бағдарламасы 1350 адамды қамтыды
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, 1 350 адам «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасымен қамтылды, 823-і кәсіби оқытуға тартылып, 851 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.
2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 200 адам кәсіпкерлік негізінде оқу курстарынан өтіп несие алуға бизнес-жоспарын тапсырса, 143 адамның сұраныстары қанағаттандырылып, 352 млн. 700 мың теңге несие берілді, ал 26 адам инженерлік инфрақұрылымдармен қамтылды.
Атап айтқанда, қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге арналған инватакси қызмет көрсететін арнайы автокөлік саны 3-тен 5 бірлікке көбейтіліп, 2 413 адамның тасымал қызметі жөніндегі сұранысы қанағаттандырылды. 103 мүгедекке ымдау тілі маманы бөлініп, 214 мүгедек жеке көмекшілердің қызметін пайдалануда.
Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті жүріп тұру, тифло-сурдотехникалық құралдары және сауықтыру шипажайына жолдама сұраған 1 711 мүгедектің өтініштері қанағаттандырылды. Әлеуметтік төлемдерге тоқталатын болсақ, 2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек 220 жанұяның 1 050 алушысына, 18 жасқа дейінгі балалары бар 879 отбасының 2 457 баласына мемлекеттік жәрдемақы, 376 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып, бюджеттен 62,8 млн. теңге төленді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты