- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласының этномәдени бірлестіктері - жеке шешім қабылдай алатын қалыптасқан ұйымдар – ҚХА
Астана қаласының этномәдени бірлестіктері - жеке шешім қабылдай алатын қалыптасқан ұйымдар – ҚХА
2014 жылдың 15 қарашасынан басталған бұл фестиваль ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық әкімдіктерінің қолдауымен өтуде.
Аталған іс-шараға Астана қаласы этномәдени орталықтарының көркемөнерпаздары: орындаушылар, вокалдық топтар мен хор ұжымдары қатысты.
Концерт басталмас бұрын, фестивальға қатысушылар алдында Астана қаласы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.Кұсайынова және «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Ысмайылов сөз сөйледі. Олар 2014 жылы өткізілген мәдени-қоғамдық іс-шаралардың «Бейбітшілік және келісім жол картасы» республикалық жобасының аясында ұйымдастырылғанын және аталған іс-шаралардың тұрмыс деңгейі төмен адамдарға көмек және қолдау көрсету жұмыстарымен ұштасқанын атап өтті. Сондай-ақ, Л.Кұсайынова Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің дамуы деңгейінің қазіргі таңда жаңа сатыға көтерілгендігі және олар өздерін қоғамдық мәселелер бойынша шешім қабылдай алатын ұйым ретінде көрсеткендіктері туралы айтып кетті.
Фестивальді қазақ композиторлары шығармалары мен қазақтың ұлттық әндері тақырыбындағы поппуриімен «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі ашты. Астана қаласы этномәдени орталықтарының қатысуымен жасалған мемлекеттік тілдегі концерттік бағдарлама көрермендер мен әділқазылардың қызығушылықтарын тудырып қана қоймай, көңілдерінен шықты.
Көрермендердің мол сүйіспеншілігіне армян этномәдени орталығынан ең кіші қатысушы Лусинэ Макунц пен «16 қыз» әнімен «Таң» татар-башқұрт орталығынан Гумира Тохтахунова ие болды.
Әділқазылардың бірлескен шешімімен фестиваль жеңімпаздары болып «Лад» республикалық славян қозғалысы филиалы ұжымындағы Наталья Иванова жетекшілік ететін «Станичники» казак халықтық хоры, «Дуслық» өзбек этномәдени орталығының атынан өнер көрсеткен Шарипова Сангина атанды.
Олар ақпан айының соңында өтетін «Менің Қазақстаным» атты республикалық фестиваліне Астана қаласының атынан өнерлерін көрсетеді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы