- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Атырауда 237 мың шаршы метр жол жөнделді
2014 жылы Атырауда 237 мың шаршы метр жол жөнделді
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, әуежай бағытындағы ұзындығы 4,2 шақырымды, яғни аумағы 73 900 шаршы метрді құрайтын автокөлік жолына, аумағы 16 010 шаршы метрді құрайтын алаңға, аумағы 472 шаршы метрді құрайтын автокөлік көпірінің автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда аумағы 47 786 шаршы метрді құрайтын «Өркен» ықшамауданының ұзындығы 7,9 км 5 көшесі, Геолог поселкесінің 4 көшесі, «Гауһартас» мөлтекауданының кварталішілік автокөлік жолдары және «Самал» ықшамауданының көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, аталған елді мекендердегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге жалпы алғанда 46 дана жол белгілері орнатылды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы қаладағы негізгі көшелер мен қиылыстарға 18 бағдаршам нысандары орнатылды.
Қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолы бойына 48 мың 500 шаршы метр бояу және 5 мың шаршы метр екі компонентті пластиктерін қолдану арқылы жол таңбалары сызылды.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен мүгедектер үшін қала көшелеріне 105 дана арнайы жол белгілері, жаяу жүргіншілер жолдарында 48 дана арнайы дыбыстық және жарықтық құрылғылары орнатылды.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары