Қаржы министрлігі заңнаманы бейнесеминарлар арқылы түсіндіруде

26 Қаңтар, 2015 15:21
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден заңнамаларын түсіндіру аясында бейнесеминарлар өткізеді.

Қаржы министрлігі хабарлағандай, бейне семинар процесінде салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар нақты уақыт режимінде Комитеттің заң жобаларын әзірлеушілерімен және кәсіби мамандармен әңгімелесу мүмкіндігін алады.

Алдағы бейне семинардың тақырыбы: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі импорттық тауарларды әкімшілендіру».

Ведомствода хабарлағандай, бейне семинардың көрсетілген тақырыбы бойынша сұрақтарды облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне немесе мына электрондық  мекен-жайға жіберу қажет, бейнесеминарлар ҚР Мемлекеттік кірістер департаментінің веб-порталында жарияланатын болады.

Барлық жаңалықтар