- Басты
- Жаңалықтар
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі түрде орындалуы керек – Ізмұхамбетов
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі түрде орындалуы керек – Ізмұхамбетов
Қабылданған стратегияның маңызына тоқталып, баяндама жасаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Марат Ахметжанов «аталған стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын жан-жақты қамти отырып, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға бағытталған» деп атап айтты, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралу себебін елдегі әлеуметтік ахуалдың, халықтық құқықтық сананың әлі де болса төмен деңгейде болуымен, билік құрылымдарының жауапсыздығымен, заңнаманың тиісті деңгейде орындалмауымен байланыстырған департамент басшысы бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсырған уақытта кіріс көлемімен қатар, шығын мөлшерін де көрсетіп отыратындығын мәлімдеді.
Сарапшылар мұндай әдістің мемлекеттік қызметте жариялылықтың қалыптасуына оң әсер беретінін айтады. Сонымен бірге, шенеунікпен тікелей қарым-қатынасқа шығуға асыққаннан гөрі, ақпараттық технология мүмкіндіктерін кеңінен қолдану маңызды. «Мұндай қадам кез келген категориядағы азаматқа мемлекеттік қызметті қолжетімді етеді» дейді Марат Ахметжанов.
«Еуропа елдерінде, әлемнің өзге де мемлекеттерінде орын алып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарыстарға, түрлі қиын жағдайларға қарамастан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасын жария етті. Аталған бағдарламаға орай Қазақ мемлекеті елімізде бұрын-соңды болмаған ірі жобаларды жүзеге асырмақ. Сондықтан да, жасалған жұмыс сапалы, бөлінген қаражат мақсатты игерілуі керек», - деді Б,Ізмұхамбетов.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек