• Басты
  • Маңғыстау облысында жаңа өрт сөндіру депосы 140 жұмыс орнын ұсынды
26 Қаңтар, 2015 18:02

Маңғыстау облысында жаңа өрт сөндіру депосы 140 жұмыс орнын ұсынды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары Ә. А. Шөжеғұлов Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына іссапармен барды.

Маңғыстау облысында жаңа өрт сөндіру депосы  140 жұмыс орнын ұсынды | Strategy2050.kz

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, іссапар аясында 2014 жылы пайдалануға берілген  жаңа өрт сөндіру депосына барып қайтты. Жаңаөзен қаласында 2014 жылғы қалалық және моноқалалар агломерациясын өркендету бағдарламасы шеңберінде және қалалардың, елді мекендерді ауқымдылық дәрежесін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің  6 шығуға арналған өрт сөндіру депосының салтанатты ашылу рәсімі өткізілген болатын.

«Қазіргі заманғы өрт сөндіру нысанының ашылуы тұрғындар саны 130 мыңнан аса  адамды қамтыған аумақтың, сондай-ақ өсіп келе жатқан қоғамдық ғимараттардың инфрақұрылымының және өндіріс секторыныңөртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Жаңа депо қазіргі жағдайларды есепке ала отырып, сонымен қатар сәулет-техникалық шешімдері мен дизайнына сай республикалық бюджеттен салынған. Материалдық базасы қазіргі заманғы техникалармен және халқаралық стандарттарға сай, сонымен қатар жайлы қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен жабдықталған. Өрт сөндіру депосы 6 шығуға  арналған бөлек тұрған 4 қабатты ғимарат.  Өрт сөндіру депосының құрамына  өрт техника тұратын ғимарат, байланыс пункты, қолғап бөлігі, өртке қарсы жабдықтар қоймаларжәне құрал-жабдықтар, қызметкерлерге арналған жатақаналар, жаттығу мұнарасы,  қазандық кіреді. 

Жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы арқасында 140 жұмыс орны ашылды, ол «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамту стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырады.

Өрт сөндіру қызметтерін мақсатты қолдануға арналған автоцистерналармен және автомобильдермен жарақтау қажеттілігіне байланысты облыстық бюджеттен мына негізгі және көмекші өрт сөндіру автотехникалар сатып алынды: газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі 2 бірлік, түтінді жою автомобилі 1 бірлік, отын құятын автомобиль 1 бірлік, жеңіл жедел автомобилі 4 бірлік, алғашқы жәрдем автомобилі  1 бірлік.

2014 жылы жергілікті атқарушы орган суда құтқару қызметіне 59-млн. теңге бөлді. Осы қаржыға өтімділігі жоғары автомобилі «Камаз» 1 бірлік, 8 орынға арналған қайық 1 бірлік, 6 орынға қайық 5 бірлік, қайық мотроы 1 бірлік, сүңгіуір жарағы сатып алынды. Маңғыстау облысы ТЖД «СҚҚ» ММ үлгі жобаны байланыстыру бойынша жобалау-құжаттамалық құжатқа 13 млн. теңге бөлінді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды