- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада 6 кәсіпкер БЖК аясында 439 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды
Қызылордада 6 кәсіпкер БЖК аясында 439 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды
«Сейтжаппарова» ЖК, «Амангелді» ШҚ, «Ниязбаев» ЖК, «Маханбетов» ШҚ, «Баймаханов» ЖК, «Дилназ» ЖК мен «Мелиоратор» ЖШС несие бойынша кепілдемені қамтамасыз ету бойынша «Даму» қорының кепілдемесін және несие бойынша жылдық үстемақыны 7%-ға дейін төмендету мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады «Даму» қоры.
«АҮК мүшелері бір ауыздан мақұлдаған жобаның бірі Серік Ниязымбетовтың Қармақшы ауданының Ақай ауылында балаларға арналған ойын-сауық орталығын ашу жобасы болды. Балалардың ойын-сауық орталығы атракциондармен, кинотеатрмен қамтылады. Бұдан басқа, тұрақты 10 жұмыс орны ашылады. Жаңадан бастаған кәсіпкерге өз мақсатын жүзеге асыру үшін «ЦентрКредит» банкінен несие рәсімдеу мақтасында несиенің 70% көлемінде кепілдеме беріледі», - деп Қордан хабарлады.
Тағы бір жас кәсіпкер Шолпан Ермағанбетова, «Жібек»ЖК директоры жылу сақтағыш және жылытқыш материалдардың өндірісімен айналыспақшы. «Даму» қоры мен «Халық банкінің» «ХалықБизнесСтарт» жобасы аясында Шолпан несие алып, оған өндіріс үшін қажетті техниканы сатып алмақшы.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек