• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қыркүйектің басынан бастап қазақстандықтар 3,5 мыңнан астам қару тапсырған

Қыркүйектің басынан бастап қазақстандықтар 3,5 мыңнан астам қару тапсырған

2 Қазан, 2013 12:08
Халықтан заңсыз сақталып келе жатқан қаруларды сатып алу акциясы аясында 3,5 мыңнан астам қару тапсырған, деп хабарлайды ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитеті.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ішкі істер органдарына 2800 азамат 3562 қару тапсырған», делінген хабарламада.

Соның ішінде 501 аң аулау мылтығы, 5 автомат, 14 аңшының шолақ мылтығы (тапанша), 3014 тегіс оқпанды қару, 28 травматикалық және 97 873 оқ пен 9,6 кг жарылғыш зат», - делінген хабарламада.

Жалпы,акция қорытындысының сараптамасы көрсеткендей, заңсыз сақталып келген  қаруды тапсыруда белсенділігі мен еріктілігі байқалды. Сол себепті ІІМ тарапынан аталмыш шара 2013 жылдың 31 қазанына дейін созылды.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қаруларды тапсыру алғаш рет өтіп жатқан жоқ. Мұндай шаралар 2008 және 2012 жылдары өткізілген. Нәтижесінде қаржылай сыйақылар арқылы 150 кг жарылғыш зат пен 26 мыңнан астам қару қайтарылған.

 

 

Барлық жаңалықтар