- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2015 жылы ИИДМБ аясында 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған
Ақтөбе облысында 2015 жылы ИИДМБ аясында 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған
ИИДМБ аясында аталмыш бағыт бойынша қандай бағыттар жобалар жүзеге асырылды?
- Ақтөбеде ҮИИДМБ аясында «Ақтөбе Орталық»ЖШС жалпы алаңының көлемі 12 781 кв.м. көліктік логистикалық орталық құрылысы жобасын жүзеге асырды, ол инновацилық технологияларды пайдалану негізінде үш терминалдан құрылған. Оларда тауарды қабылдау, сақтау, орналастыру, тасу, қайта жүктеу бойынша арнайы аймақтар орналастырылған.
Сонымен қатар, көкөніс өнімдерін сақтау және сұрыптау бойынша «ШИМ» ЖШС қуаттылығы жылына 3 мың кв м болатын көкөніс терминалын іске қосты. Жобаның артықшылығы қаланы жыл бойы сапалы және сертификатталған және қолжетімді бағадағы өніммен қамтамасыз ету.
Тағы бір «Accent Logistiks»ЖШС - 2800 орынға есептелген мультимодельді көліктік-логистикалық орталықтың құрылысын бастауды көздеп отыр. Осылайша, облыста тауарөткізу жүйесін құру арқылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету сапасы арта түседі және бағада біршама орнығатын болады. Сондай-ақ, тауар айналымы артқан сайын бюджетке түсетін қаражатта артады.
Болашақта халықаралық Ақтөбе әуежайы негізінде көліктік-логстикалық хаб құру көзделуде. Бұл жоба қаланың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын дамыту қажеттілігінен туып отыр.
- Ақтөбе облысында ИИДМБ аясында 2015 жылы қандай жобаларды іске қосу жоспарланған?
-Аталып өткендей, 2015 жылы жалпы сомасы 15,5 млрд теңге болатын және 720 жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.Қуаттылығы жылына 25 мың тоннаны құрайтын сөндірілмеген әкті өндіретін зауыт, 60 жұмыс орны құрылады («Игданит»ЖШС);
Жылына 1000 тонна өнім өндіретін макарон фабрикасы, 80 жұмыс орны құрылады («Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС);Қуаттылығы жылына 250 мың тонна болатын темірбетон өнімдерінің кеңейтілген өндірісі, 204 жұмыс орны ашылады («ASBI SAT GROUP»ЖШС); Жылына 33 млн дана силикат кірпішін өндіретін зауыт, 70 жұмыс орны құрылады («МИЗАМ»ЖШС); Қуаттылығы жылына 36 мың тонна тік тігісті электр дәнекерлеуші құбырлар мен майыстырылған профильдер өндірісі, 25 жұмыс орны ашылады (ПТ«Қазжылуэнергомонтаж»); қуаттылығы жылына 6,5 мың тонна ет өңдеу комбинаты ( «Сүтті оқиғалар»ЖШС); эмульсиялы жарылғыш заттар өндірісі қуаттылығы жылына 30 мың тонна, 15 жұмыс орны ашылады («Нитрохим»ЖШС); ынталандыру құралдарының (пілте, толқы арнасы) өндірісі, қуаттылығы жылына 5 млн дана, жылына 15 жұмыс орны құрылады («Нитрохим»ЖШС);рельс жасайтын зауыт, 30 жұмыс орны ашылады («ТеміржолЖөндеу»ЖШС); Қуаттылығы жылына 23 млн дана кірпіш өндірісі бойынша цех ( «Дингалиев К.Е.» ЖК); қуаттылығы жылына 720 мың тонна түрлі фракциядағы текше тәрізді шағал өндірісі бойынша цех («ККО ЛТД»ЖШС);қуаттылығы жылына 35 мың текше метр ұзын тақта, 655 тонна терезе және есік жақтауларын, 14 мың текше метр сайдинг пен 9,6 мың текше метр қоршау қадаларын өндіруге жететін ағаш-полимерлі өнімдер өндірісі бойынша цех, 15 жұмыс орны құрылады ( «СоюзЭнергоПолимер»ЖШС).
Индустрияландыру картасына енгізілу үшін жалпы сомасы 487,7млрд теңге болатын және 5,2 жұмыс орнын ашуға септгін тигізетін 27 жоба қаралуда.
Индира Қауметова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары