• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматылық студенттер мен ұстаздарға ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Стратегия «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндірді

Алматылық студенттер мен ұстаздарға ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Стратегия «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндірді

2 Қазан, 2013 10:51
Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚАЗҰТУ мен Халықаралық Бизнестің Академиясында Республикалық ақпараттық-сараптамалық топтың мүшелерімен ҚР Президентінің Жолдауы «Стратегия «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» студенттер мен ұстаздарға түсіндірді, деп Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова алматылық студенттерге Елбасының Жолдауын түсіндірді.

«Қазақстан бүгінде 50 дамыған елдің қатарына қосылды. Қоғам мен Үкімет алдында Президент жаңа бағыттар мен мақсаттарды айқындады. Олар әкімшілік кедергілерді жою, тұрақтылықты арттыру сынды бағыттар қарастырылды», - деп Н. Коржова атап өтті.

Кездесу барысында ҚазҰТУ-нің студенттері мен ұжымдық кездесуінде Білім және Ғылым вице-министрі Мұрат Орынхановтың қатысуымен «Стратегия «Қазақстан -2050» бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мұрат Орынхановтың баяндамасы Қазақстанның инновациялық дамуына бағытталды.

Барлық жаңалықтар