ОҚО-ның 12 жас маманы Германия кәсіпорындарынан тағылымдамадан өтті

25 Қаңтар, 2015 15:13
ОҚО кәсіпорындарында жұмыс істейтін 12 жас маман Германия кәсіпорындарынан тағылымдамадан өтті, шара «Болашақ» бағдарламасы аясында жоспарланып отыр.

Жоба өткен жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорнынан 32 өтінім келіп түсті. Германияда 12 жас маман тағылымдамадан өтіп келді, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Теориялық сабақтар Кельна және Берлин оқыту орталықтарында өтті. Тәжірибені қазақстандық мамандар «Vollkswagen», «Vossloh», «Class», «Alstom» компанияларында алды. «Біз менеджменттің әртүрлі бағыттарымен таныстық. Немістер ең басты рөлге үнемділікті қоятынына назар аудардық», - деді Кентау трансформатор зауыты зерттеу лабораториясының бастығы Н.Тілемісов.

Келесі іріктеу осы жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар