- Басты
- Жаңалықтар
- Итальяндықтар «Астана Опера» труппасының өнерін бағалады (Фото)
Итальяндықтар «Астана Опера» труппасының өнерін бағалады (Фото)
Әлеумет әртістер билеген кезде олардың техникалық деңгейіне ғана емес, сондай-ақ актерлық шеберлігіне, ұлттық ерекшелікке таңдай қақты. Классикалық номерлермен қатар Галада, К. Күмісбековтің музыкасына қойылған Ғ. Бөрібаеваның хореографиясындағы «Биші қайың» және Н. А. Тілендиевтің музыкасына қойылған З. Райбаевтың хореографиясындағы «Ата толғауы» билері бар. Итальяндық көрермен өздері үшін таңсық қазақ билерінің орындалуын үлкен қызығушылықпен қадағалап, жарқыраған костюмдерге көз тойдырумен болды, деп хабарлады «Астана Опера».
Гала балеттің бағдарламасын «Қыпшақтар биі» - А. Бородиннің «Игорь князь» операсынан көрініс аяқтады. Труппа барын салып биледі. Солисттер бірнеше мәрте тағзым етіп, гүлін жаудырған көпшіліктің әр номер сайын шапалағы толастаған жоқ. Концерттен кейін олар қолтаңбаларын таратып, баспасөз өкілдерімен жүздесіп жатты.
Итальяндық журналисттің, осынша күшті қайдан аласыз деген сұрағына Әйгерім Бекетаева жауап берді. – Мен балетті және барлық көрерменді жақсы көремін, солар үшін сахнаға қайта-қайта шыға бергім келеді. Ду қол шапалақ – бұл ең биік марапат. Осының барлығы мені кәсібіммен бұрынғыдан бетер белсенді айналысуға ынталандырады. Мен «Карло Феличе» сахнасында өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын, бұл екі мемлекет арасындағы мәдени алмасу деп білемін.
Таңданысын жасырмаған итальяндық Паоло Марино есімді көрермен «Астана Опера» труппасының сапары Генуя қаласы үшін шынымен де маңызды оқиға екенін атап өтті. – Біз бүгін кәсіби тұрғыда шыңдалған ұжымды тамашаладық деп есептеймін, қазір біз көбіне модернді тамашалайтындықтан, бұл бізде сирек қойылады, көптен бері сағынып жүрген классикалық балеттен біраз сусындадық.
-
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)
-
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
Карантин құрсауындағы қала (ФОТО) -
Нұр-Сұлтан қаласында 30 мың медициналық маска тегін таратылып жатыр (ФОТО) -
Елорда жаппай дезинфекцияланды (ФОТО)