Алматы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын өткізуге дайын

25 Қаңтар, 2015 12:16
Алматы әкімі Ахметжан Есімов мегаполиста салынатын спорт инфрақұрылымы нысанының дайындығын бақылады. Ол «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінің кешені аймағында бой көтереді.

Көшпелі кеңес Алматыда 1-8 ақпан аралығындағы  жасөспірімдер арасында өтетін трамплиннан секіру және қос шаңғы жарысы бойынша өтетін әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

 Қала басшысы нысанның маңыздылығын түсіндіріп, шаңғы жүгіру алаңы барлық халықаралық стандартқа сай екендігін атап өтті.

«Алматыда өтетін жасөспірімдердің солтүстік тәртіп чемпионаты «Евроспорт» арнасынан көрсетілетін болады. Оны 240 млн көрермен тамашалайды», - деліген хабарламада.

Алматы 32 елдің  570 спортшысын қабылдайды. Шараға 560 волонтер тартылып әлемнің 30 БАҚ өкілі келмек.

Барлық жаңалықтар