- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған 35 әлеуметтік жоба іске асырылды
Ақтөбе облысында жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған 35 әлеуметтік жоба іске асырылды
Облыс тұрғындарының 28,9% (233 745) жастар құрайды. Оның ішінде 145 291 мың қала жастары, 88 454 мың ауыл жастары. Облыста барлығы 39 жастар ұйымдары болса, оның ішінде 17 аудандарда құрылды.Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2014 жылы 197,3 млн. теңге бөлініп, игерілді.
2006 жылдан жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүреді және талантты жастар өкілдері жыл сайын стипендиямен марапатталып келеді. Өткен жылы жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 297 студентіне (183 ЖОО, 114 - ТжКББҰ) барлығы 28,8 млн. теңге көлемінде стипендия тағайындалды.
Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының жұмысын ұйымдастыруға 119,4 млн. теңге бөлініп, оқу орындарының студенттері, ауыл, жұмыссыз жастар және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатарынан барлығы 2585 жас жұмыс жасаса, оның ішінде 588 жұмыссыз жастар.
Есептік кезеңде жастар арасында барлығы 110 000 адамды қамтыған 800 аса іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес хатшылығының қатысуымен жас кәсіпкерлердің I Республикалық бизнес-форумы, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің Республикалық слеті, «Ұлттық құндылығымыз – басты тірегіміз» атты облыстық жастар форумы өткізілді.
Елбасы тапсырмасымен жастар саясатын жетілдіру, облыстағы жастармен жер-жерде жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2014 жылдан бастап облыс орталығы мен барлық аудандарда жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары құрылып, жұмыс жасауда.
2014 жылы жастар ресурстықорталықтарына 4000 мыңғажуықоблыс жастары әртүрлі бағытта кеңес алу мақсатында келді. Оның ішінде 2828 жасқа әлеуметтік-медициналық, 474 психологиялық, 311 заңгерлік кеңес беріліп, 484 жасты тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға ықпал етілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген