- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ – Қазагромаркетинг
Қазақстанда ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ – Қазагромаркетинг
Бакалея өнімдерінің арасында төмендегідей баға өзгерістері байқалды: Астанада арпа жармасы 17%-ға 121-ден 101 теңге/кг-ға дейін арзандады. Сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерінің артуы баға көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді. Көтерме баға өзгермеген – 70 теңге/кг. Қарағандыда қарақұмық жармасы 14%-ға 225-тен 193 теңге/кг-ға дейін арзандады, деп хабарлады Қазагромаркетинг.
Астанада арпа жармасы 28%-ға 194-тен 140 теңге/кг-ға дейін арзандады. Сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерінің артуы баға көрсеткіштерінің төмендеуіне себеп болды. Бір апта ішінде көтерме бағалар керісінше 8%-ға 65-тен 70 теңге/кг-ға дейін артты.
Бір апта ішінде жеміс-көкөніс өнімдері бағаларының өзгерісі мынадай болды: Астанада қызанақ бағасы 14%-ға 589-дан 508 теңге/кг-ға дейін төмендеді. Жеткізілім мөлшерінің артуы мен көтерме бағалардың 5%-ға 413-тен 392 теңге/кг-ға дейін төмендеуі өнімнің арзандауына әкелді. Қостанайда керісінше қызанақ бағасы 14%-ға 350-ден 400 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім бағасының артуы жеткізілім мөлшерінің азаюы мен сатушылардың көтерме бағаны 27%-ға 255-тен 323 теңге/кг-ға дейін қымбаттатуымен байланысты.
Астанада жүзім бағасы 22%-ға 589-дан 508 теңге/кг-ға дейін арзандады. Өнімнің арзандауы жеткізілім мөлшерінің артуы мен сатушылардың көтерме бағаны 5%-ға 413-тен 392 теңге/кг-ға дейін төмендетуімен байланысты. Өскеменде өнімнің жеткізілім мөлшерінің азаюы мен сатушылардың көтерме бағаны 9%-ға 423-тен 463 теңге/кг-ға дейін қымбаттатуы салдарынан жүзім бағасы 12%-ға 566-дан 633 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Астанада баялды бағасы 16%-ға 725-тен 610 теңге/кг-ға дейін төмендеді. Өнімнің арзандауына тұтынушылар сұранысының төмендеуі әсер етті. Көтерме бағалар өзгермеген – 600 теңге/кг.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері