- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ШОБ кәсіпорындары қала түсімінің 66 пайызын қамтамасыз етеді
Алматыда ШОБ кәсіпорындары қала түсімінің 66 пайызын қамтамасыз етеді
Келісім бизнес пен мемлекет арасындағы іскерлік алаңнын жұмыс істеуіне жене бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді еңсеруге бейімделген, деп хабарлады қала әкімдігі.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға, әсіресе орта және кіші бизнесті қолдауға үлкен назар аударылған. Себебі еліміздегі шағын және орта бизнестің үштен бір бөлігі Алматыда шоғырланған, сондай-ақ бұл салада 450 мың адам жұмыспен қамтылған. Одан өзге ШОБ қала түсімінің 66 пайызын құрайды», - деді Ахметжан Есімов.
Қала әкімі келісім бойынша жұмыс істеу еліміздің негізгі қаржы институттары мен кәсіпкерлік субьектілері шоғырланған Алматыны республикамыздың ірі іскерлік орталығы екендігін айқындай түсетінін атап өтті. Өз кезегінде ҰКП-ның басшысы Тимур Құлыбаев өзара ынтымақтасып жұмыс істеу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар іскерлік ортадағы бәсекелестік деңгейін арттыруға ықпал ететіндігіне сенімді екенін айтты.
«Бүгінгі келісім бизнес пен оңтүстік астана басшылары арасындағы іскерлік қарым-қатынастың платформасына айналады. Қазіргі уақытта екі жаққа өзара ыңғайлы әрі нақты қарымқатынас тетігін қалыптастыру маңызды. Өткен жылдан бастап кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді барынша азайту, бизнес өкілдерінің құқығын қорғау мәселесіне байланысты бізде бизнестің басты бөлігі шоғырланған еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы әкімдігімен конструктивті қарым-қатынас орнатылды. Кәсіпкерлер, әсіресе заң аясында және басқа да мүмкіндіктері шектеулі микро-бизнес өкілдері біз арқылы өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алатынын білуі тиіс. Олар ҰКП-ның қолдауына ие екенін сезінуі маңызды», - деді Тимур Құлыбаев.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі