- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды
ШҚО-да тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды
Тұрғын үйлердің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаты бойынша облыстық бюджет қаржысының есебінен қаржыландырылмақ. Меморандум бойынша ШҚО әкімдігі құрылысқа қажетті жер телімін беруді, оны инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді, жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуі және түзетілуін бақылауды өз міндетіне алады.
Баспана құрылысына тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде «Ертіс» ӘКК «Ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс жүргізбек. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үйді сатып алушылар пулын құрады.
Банк сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинағы есебінен тұрғызылған баспаналарды өткізіп, мердігерлерді қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге шартты депозиттерді орналастыру арқылы құрылысты қаржыландырады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ аймақтағы атқарылған жұмысы бойынша 2013 жылы жалпы ауданы 6,4 мың шаршы метр болатын 107 пәтерлі 2 тұрғын үйді пайдалануға берген болатын.
Алдағы уақытта ШҚО әкімдігімен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ауданы 59 мың шаршы метр болатын 949 пәтерлі 10 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары