• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Люксембургтің Үкімет басшылары Давоста екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады

Қазақстан мен Люксембургтің Үкімет басшылары Давоста екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады

24 Қаңтар, 2015 11:57
Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлы Люксембург Герцогствосының Премьер-Министрі Ксавье Беттелмен кездесті.

«Келіссөздер барысында Үкімет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылады», - деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

К.Мәсімов атап өткендей, Қазақстан Люксембургпен ынтымақтастыққа көп көңіл бөледі, сондай-ақ, барлық салада тиімді ынтымақтастық жүргізуді жалғастыруға ниетті.

Барлық жаңалықтар