Маңғыстау облысының орталығында 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

23 Қаңтар, 2015 20:16
Ақтауда 2014 жылы экономиканың әр саласында 8282 жаңа жұмыс орны ашылса, соның ішінде 137-сі Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ашылды.

Облыста жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттен 773 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Хабарламада сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 30 жаңа жұмыс орнын құруға сеп болған, Өмірзақ ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 4 инвестициялық жобасы іске асырылды. 

Барлық жаңалықтар