- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысы кооперативі Астана нарығына шамамен 140 млн жұмыртқа жеткізді (ФОТО)
Ақмола облысы кооперативі Астана нарығына шамамен 140 млн жұмыртқа жеткізді (ФОТО)
Аршалы ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі «Ижевский» мал азығын дайындайтын зауыт жұмысымен танысып, жұмыртқа өндіру цехына барды.
Әкімдіктің хабарлауынша, кооператив асыл тұқымды шаруашылық болып табылады. Соңғы жылдары комбикорм зауыты, сүт-тауар фермасы, жылқы фермасы мен ет және сүт өндіру цехына жаңа техникалық құрылғылар орнатылды.
Хабарламада айтылғандай, шаруашылық бойынша соңғы бес жылда өзіндік қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі 2 млрд теңгеден асады. Өзіндік қаражат есебінен «Класс» комбайны мен «Барго» егістік кешені және тракторлар мен автокөліктер алынды. Осы мақсатта жалпы көлемі 145,8 млн теңге жұмсалды.
Өндірістік кооперативтің қарамағында 21 462 га жер болса, соның ішінде 15 296 гектары егістік жер. 2014 жылы 11 200 гектар жерден 20,6 мың тонна астық алынды. Ондағы егістіктің шығым деңгейі гектарына 18,3 центнерді құрады. Ал өндірілген жұмыртқа саны 138 млн 355 мың дана. Ал ет пен сүт өндірісі көлемі тиісінше 5758,2 центнер және 1077,3 тонна. Жылдық өнім облыс аудандары мен Астанаға жеткізіледі. Шаруашылық кооперациясында жалпы саны 700 адам еңбек етуде. Олардың айлық жалақылары 112 мың теңге.
Айта кету керек, осы орайда әлеуметтік сала да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2014 жылы осындағы орта мектептегі әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасы балаларына 3 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау