• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да 2013 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 100 шақырым су құбыры қайта жаңғырды

СҚО-да 2013 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 100 шақырым су құбыры қайта жаңғырды

2 Қазан, 2013 09:34
Солтүстік Қазақстан облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарсы 100 шақырым су құбыры қайта жаңғыртылды, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылдың 1 қыркүйегіне 105 шақырым су құбыры құрылды», - деп хабарламада айтылды.

Оған қоса, топтық су құбырының 29 км, 42 км су жүйесі мен 34 км жер асты құбырлары жасалды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылдық және аудандық жерлерде су құбырларын қайта жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге, облыстықтан – 186,4 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар, республикалық және трансферттік бюджет арқылы 152 шақырым су құбырын жөндеуден өткізу қарастырылып отыр.

 

Барлық жаңалықтар