- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» балетінің әртістері итальяндық көрерменді таң қалдырды (Фото)
«Астана Опера» балетінің әртістері итальяндық көрерменді таң қалдырды (Фото)
Эмоцияға берілген көрермен аямастан «браволарын» жаудырып, әрбір күрделі сүйеуден кейін ду қол шапалақ ұрып жатты. Сюжеттің қалай өрбігенін, әртістер шеберлігін мұқият қадағалап отырған көпшілік Бақтияр Адамжанға (Спартак) ерекше ықылас білдірді.
«Итальяндық балет сүйер қауым афишаны қалт жібермей қадағалап келгенін айтады. «Бұл екі шараны назардан тыс қалдыруға болмайды», - делінген хабарламада.
Бүгін біз «Астана Опера» балеттік труппасы ұсынған бидің кереметтігінен шексіз ләззат алдық. Осы арқылы біз қазақ труппасының деңгейімен таныса алдық. Әртістердің техникалық мүмкіндігіне, олардың актерлық шеберлігіне тәнті болдық. Осы кештен кейін «Спартактың» әлі де өзекті екенін сенімді түрде айта аламыз. Біз 23 қаңтарда өтетін «Гала Балетке» де бармақшымыз, неге десеңіз, ұлттық балетті де тамашалаған өте қызық болып тұр, сонымен қатар жас балет труппасының ұлы классиктердің жауһарларын қалай орындайтынын да көрсек дейміз».
«Карло Феличе» театрының арт директоры, маэстро Джузеппе Аквавива труппаның Генуяға келуі, қос театр арасындағы ынтымақтастықпен байланысты екенін атап өтті. – Бүгін генуялық театрдың оркестріне Айдар Әбжаһанов дирижерлық етті, ал хор маэстро Пабло Ассантенің жетекшілігімен өнер көрсетті. Қазақстандық труппаның бүгінде бізде өнер көрсетуі – мәдени ынтымақтастықтың көрсеткіші.
Аталған өнер ордасында әр жылдары өздерінің шеберлігін Испанияның Ұлттық балеті, Американың би театры, Пекиннің би академиялық ансамблі, Миландық балет, Гуанчжоу балетіндегі Марк Моррис би тобы сияқты жұлдыздар труппасы көрсеткен.
«Астана Опера» әртістерінің гастрольдік кестесі өте тығыз. Бес күннің төртеуінде техникалық және эмоциялық тұрғыдан күрделі балет – «Спартак» жоспарланған.
-
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады -
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ -
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді -
COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
COVID-19 екінші толқыны: Желтоқсанда қатаң карантин енгізілуі мүмкін -
Шет мемлекеттер карантин шараларын күшейтуде. Қазақстан да қатаң режимдегі карантин енгізуі мүмкін -
Елордада қатаң режимдегі карантин енгізілуі мүмкін бе -
Мемлекеттік сатып алу: Жеткізушілерді таңдау, кімдерге басымдық беріледі/ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар -
Қ. Тоқаев білім беру саласы мен экологияны қатаң сынады