2013 жылдың 5 айында Павлодардағы КҚКО қызметіне 700 адам жүгінген

2 Қазан, 2013 10:26
5 айдың ішінде «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметіне 700 адам жүгінген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қорыжанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмыс істеген 5 ай ішінде аталмыш орталық 700 адамға қызмет көрсеткен. Кәсіпкерлер, менеджерлер,бухгалтерлер осы жерден шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы жайлы тегін консультация алды», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, КҚКО банк өкілдері, ХҚКО қызметкерлері, заңгерлер, маркетологтармен бухгалтерлер халыққа консультация береді.

Консультанттардың айтуынша, халықтың 90%-ы заңдық және қаржылай сауатсыз.

Айта кету керек, «Даму» қоры қазан айында КҚКО-да кәсіпкерлерді қызықтыратын тақырыптар бойынша тегін лекциялар өткізетін «Бизнес-кеңесші 2» атты тағы бір жаңа жоба жасады.

 

 

Барлық жаңалықтар