- Басты
- Жаңалықтар
- Білім министрлігі ЗТМО-мен бірлесіп түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг бастайды (ФОТО)
Білім министрлігі ЗТМО-мен бірлесіп түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг бастайды (ФОТО)
Министрліктің хабарлауынша, жұмысқа орналасу процестеріне автоматты мониторинг енгізу үшін және жұмысқа тұру бойынша мәліметтер растығын зерттеу үшін биылғы жылдың наурыз айынан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы» жүйесі мен Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесін кіріктіру жоспарлануда.
«Жоғары оқу орындарынан алынатын мәліметтер белгілі бір деңгейде күмән тудырады. Сол себепті зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы мәліметтері базасымен түлектер мәліметтері базасын интеграциялай отырып жүйе енгізбекпіз. Осылайша түлектердің шын мәнінде неше пайызы жұмыс істеп жатқанын зейнетақы төлемдері аударымы арқылы анықтаймыз», - дейді Балықбаев.
Қазіргі таңда ЖОО ЗТМО базасы арқылы түлектердің жұмысқа орналасуын салыстыру жұмыстары басталып кетті.
«Біздің елдегі 14-29 жас аралығындағы жастар саны 4,2 млн-ды құрайды. Бұл жалпы республика тұрғынының 25 пайызы. Соның ішінде 1,7 млн-ы орта мектептерде, техникалық-кәсіптік оқыту орындарында және ЖОО білім алып жатыр», - дейді вице-министр.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында жастардың ел болашағы екенін айтқаны анық.
Камила Амирова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды